Ілияс Жансүгіров ғұмырнамасы

Бөлісу

Портрет Ильяса Джансугурова

ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
 
          Ілияс Жансүгіров 1894 жылы Жетісуда, Ақсу оңіріндс туған, алғашқы сауатын өз әкесі Берсүгірден алып, арабша оқып, жазуға үйренеді. Ол бала күнінен олең, жыр, дастан, қиссаларға кұмартып, оларды әке үлтісімен домбырамен жатқа айтқан. Жетісу өлкесіндегі атақты "Мамания" мектебінде оқиды. "Мамания" мектебін Қалқабайұлы Маман дейтін Жетісудағы зиялы адам 1899 жылы: салдырған. Маманның Тұрысбек, Сейітбаттал, Есенқұл деген балалары және Тәңірберген, Құдайберген деген немерелері әкелерінің ісін жалғап, 25 жыл бойы 8 сыныптық мектепті өз қаржыларымен ұстаған, балаларды тегін окытып, киіндіріп, тамақтандырған. Онда 60 орыңдық интернат, қыздардың тігін шеберханасы, монша болған. Мектепте математика, физика, география, орыс тілі, араб тілі пәндері оқытылған. Құран сабақтары берілген. Мұғалімдерге үй салып беріп, жалақыларын да Маман балалары өз қалталарынан толеп отырған. Жақсы оқыған шәкірттерді алыстағы Петербор, Орынбор, Уфа қалаларында стипендияларын беріп оқытып шығарған.  "Мамания" мектебі шәкірттерінің ішінде қазақтың атақты ақыны Ілияс Жансүгіров, алташқы қазақ инженері, белгілі тарихшы — Мұхаметжан Тынышбаев, көрнекті ағартушы — Біләл Сүлеев, "Алаш" партиясының бағдарламасы мен жарғысын алғаш жазған — Барлыбек Сырттанов т.б. бар.
          "Мамания" мектебі оқулықтар мен басқа да оқу күралдарын Ресейден алдырған, Орынбордан, Тройцкіден шығатын "Қазақ", "Алаш" сияқты газеттер, журналдар мектепке үзбей жеткізіліп түратын. Осы "Мамания" мектебінің құрылтайшысы Есенқұл Маманұлы 1911 жылы қазақ романдарына бәйге жариялаған, бәйгеге сегіз роман түскен. Олардың ішінде бізге қазір белгілі болып отырғаны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың "Қамар сұлу" романы.
          Miнe, Ілияс осындай ортада алғашқы білімін алған. 1914 жылы "Мамания" мектебінде Міржақып Дулатовтьң "Бақытсыз Жамал" романы бойынша пьеса койылып, ондағы жігіт ролін Ілияс Жансүгіров ойнаған.
          Ілияс жас күнінде Абайдың өлең кітабын тауып оқып, қатты әсерленеді, ақын болсам деген арманға түседі. Ол өз бетінше іздеп жүріп өлең кітаптарын, қиссаларды құмарта оқиды, оқығандарын елге айтқыш болады, домбыра тартып, ән салады, сөйтіп, "әнші бала", "қиссашы бала" атанады. Біржан мен Сараның, Сүйінбай мен Күнбаланың, Әсет пен Кемпірбайдың айтыстарын жатқа жырлаған.
          1920 жылы Тәшкенде мұғалімдер курсында оқып, оны бітірген соң елге оралып, бала оқытады, газеттерге өлеңдер сықақтар, мақалалар жазуды әдетке айналдырады.
          1922 жылы Алматыға келіп "Тілші" газетінде қызмет істейді. Осыдан бастап Ілияс әдебиетпен айналысады.
          1925-1928 жылдарда Мәскеуде Журналистика институтында оқиды. Оны бітірген соң "Еңбекші қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде істейді, одан кейін Қазақстан Жазушылар Одағын басқарады, Қазақстан әдебиеті баспасында поэзия бөлімінің редакторы болады.
          1938 жылы репрессияға ұшырап, атылады.
          Бар болғаны 44 жыл өмір сүрген Ілиястың әдеби мұрасы орасан бай: өлеңдер, сықақтар, әңгімелер, фельетондар, дастандар роман, пьесалар, тарихи повестер, ел аузынан жинап бастырған айтыстар, отірік өлеңдер, жырлар, газет бетіне жариялаған мақалалар, ғылыми еңбектер тағы баска ұшан теңіз шығармалар жазып үлгерді.
          Әсіресе қазақтың құдіретті өнері күйдің, оны шығарушы және орындаушы күйшінің бейнелерін "Күйші" (1934) дастанында мәңгілік ескерткіш етіп, керемет қылып жасап кетті. Ал,  халқымыздың аса қадірлейтін жүйріктері, тұлпарлары, пырақтары туралы теңдесі жоқ "Құлагер" (1934) дастанын жазып қалдырды. Бар қазақтың мақтанышы болған, желден жүйрік тұлпар "сұңқар иық Құлагер" үш жүз аттың ішінде байгеде алдына жан салмай ағып озып келе жатқан кезінде, жақсыны көре алмайтын жауыздар аңдып тұрып, басына айбалтамен ұрып, мерт еткенін оқыған адам көзіне жас алмай тұра алмайды. Ілиястың мүндай дастандары Күлтегіннің тас кітаптары, Жүсіп Баласағұнның "Даналық кітабы", Махмұд Қашқаридың "Түркі тілдері сөздігі", Қожа Ахмет Иассауидің "Хикметі", Абайдың ұлы өлеңдері туған топырақта дүниеге келді. Сондықтан оның шығармаларын да өшпес, ізін жоғалтпас мұралар деп білген жөн.

 


От авторов сайта: пожалуйста, любые поправки и замечания направляйте по адресу jansugurova(at)gmail.com

Тағы да оқыңыз