Әдеби аударма
Елдос Тоқтарбай. «Мұрагер»
*** Ілияс Алматыға келіп, Әуездің немересі Мұхтармен танысады. Ол кезде екеуі де халыққа танылып үлгерген қаламгерлер еді... Бұлар қантуыс емес, шығармашыл жантуыс болды. Екеуара әңгімелері ұзаққа созылды. – Мұқа, біздің елде Молықбай деген қобызшы болған еді, – деген Ілиястың сөзін соңына дейін тындамастан зерек жігіт: – Иә, естуім бар. Өзін көрмесем де, күйлерін естігенмін. Кезінде Абай еліне келген екен. Шаһкәрім, Әріптермен аралас-құралас болыпты. Абайды үлгі тұтқанын да естідік, – деді.