Шығармалары / Произведения

Ілияс Жансүгіров 1926 — 1937 жылар аралығында, көзі тірісінде,  барлығы – 35 кітап шығарған екен. Бұл мәлімет Ілияс Жансүгіровтің өз қолымен 1935  жылы 15 қарашада орыс тілінде  жазып кеткен автобиографиясынан алынды. Біз өз тарапымыздан қазақ тіліне аударып, ұсынып отырмыз.

Қазақ тілінде шыққан кітаптар:

  1. «Беташар» – поэма, қазақ әйелінің ғасырлар бойғы күңдіктен құтылуы жайлы. Ол 1926 жылы Қызылорда қаласында «Әйел теңдігі» журналының қосымшасы ретінде жарияланған.
  2. «Ертегілер» – 1927 жыл, КСРО халықтарының орталық баспасы, Москва қ-сы.
  3. «Сыйлық» – Қазақ баспасы, 1928 ж.
  4. «Жұмбақ» – Қазақ баспасы, 1928 ж.
  5. «Малта» – Қазақ баспасы, 1929 ж.
  6. «Шәркей» – Қазақ баспасы, 1929 ж.
  7. «Жаңа мотивтер» – өлеңдер жинағы.1928 жыл, Қызылорда қ-сы.
  8. «Сағанақ» -өлеңдер жинағы.1928 жыл, Қызылорда қ-сы.
  9. «Жаңа жолда» – Түрксіб құрылысы жайлы очерктер жинағы.1929жыл, Қызылорда қ-сы.
  10. «Одақ» – Қазақ баспасы, 1929 ж.
  11. «Мәйек» – Қазақ баспасы, 1930 ж.
  12. «Кек» – Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі қазақ ауылының өмірін суреттеген пьеса. 1931 жыл, Қызылорда қ-сы.
  13. «Дала» – Қазақстанның 10 жылдығына арналған поэма. 1930 жыл, Қызылорда қ-сы.
  14. «Жаңқа» – 1919-1931 жылдардығы өлеңдері енген жинақ. 1931 жыл, Қызылорда қ-сы.
  15. «Жинақ» – 1920-1931 жылдардығы әңгімелері енген біртомдық жинақ. 1932 жыл, Қызылорда қ-сы.
  16. «Түрксіб» – пьеса. 1932 жыл, Қаз мем.драмтеатр қойылымы.
  17. Орыннан билікке» – пьесалар. ҚКӘБ, 1933 ж.
  18. «Күйші» – қазақ кедейі жайлы поэма.1933 жыл, Қызылорда қ-сы.
  19. «Жаңа туған» – Қазақ колхозының өмірі жайлы поэма. 1934 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  20. «Ақыр заман» – Асан ақын шығармалары. 1934 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  21. «Мектеп» – ҚКӘБ, 1934 ж.
  22. .«Колхоз тойы» – бір актілі сазды ауыл сахнасына арналған пьеса. 1934 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  23. «Сүйінбай ақын» – 1935 жыл, ҚКӘБ, Қызылорда қ-сы.
  24. «Күй» – өлеңдер мен поэмалар жинағы. 1935 жыл, ҚКӘБ, Қазан қ-сы.
  25. «Жол аузында» – әңгімелер жинағы. 1935 жыл, ҚКӘБ, Қазан қ-сы.
  26. Құқ» – сатиралық әңгімелер мен фельетондар жинағы. 1935 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  27. «Жорық» – Челюскин эпопеясына арналған поэма. 1935 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  28. Жолдастар» – роман. 1935 жыл, ҚКӘБ, Қазан қ-сы.
  29. «Кеңес» – өлеңдер жинағы. 1935 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  30. «Күйші» – поэма. Вс.Рождедественский аудармасы.1935 жыл, МӘБ, Москва қ-сы.
  31. «Ақындар айтысы» – 1935 жыл, ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  32. 1916 жылғы көтеріліс материалдары» – Ұлттық мәдениет институты.
  33. Жолда» – әңгімелер жинағы. Ғ.Шарипова аудармасы. 1936 жылы басылады.
  34. Жаңа жыр» – өлеңдер жинағы. 1937 жыл. ҚКӘБ, Алматы қ-сы.
  35. Толық шығармалар жинағы І, ІІ том.
  36. Балаларға тарту.
  37. Құл. Ескі ақындар. ҚКАБ.
  38. Мін де шап. Жансүгірұлы Ілияс Қазақ көркем әдебиет баспасы    Алматы 1934ж. 

                                   

Информация предоставлена Центром Ильясоведения ИЛЬЯСТАНУ ОРТАЛЫГЫ