ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

АЛҒЫ СӨЗ (2001)

Қымбатты балалар!

Сендердің қолдарыңа тиіп отырған бұл кітап қазақ халқының белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтің (1894-1938 жылдарда өмір сүрген) балаларға арнаған шығармаларының біразы ғана.
"Поэзия туралы айтқан кезде, Абайдан кейін Ілиястың аты бірінші тұруы керек", —деп, кемеңгер Мұхтар Әуезов аталарың зор баға берген Ілиястың атақты "Құлагер", "Күйші" дастандарын білмейтін қазақ жоқ.
Ілияс 1928—1935 жылдар арасында (ол кезде қазақ жазуы араб әрпімен және латын әрпімен жазылатын еді) балалар үшін тоғыз өлеңдер және әңгімелер кітабын жазып, жариялаған. Оларды қазір тауып оқу қиын. Сондықтан, жиырма бірінші ғасырдың жас ұландары үшін Ілиястың ел аузынан өзі жинап, кітап етіп бастырған (1926—28 жылдары) өтірік өлеңдері мен "Шәркей", "Малта" атты туындыларын қайта ұсынып отырмыз.
Бұларды араб және латын әріптерінен сендер үшін қазіргі кириллица жазуына аударып жазып берген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мұражайының қызметкері Ғазиза Исахан ал оны, баспаға дайындаған Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорының мүшесі Сәбит Райысүлы Дүйсебаев. Сендердің қолдарыңа бұл алтын қазынаның тиюіне Ілияс Жансүгіровтың қызы Ильфа Жансүгірова-Жандосованың еңбегі сіңді.

Кітаптың тысқы бетіндегі түлпардың суретін Ілияс Жансүгіровтің немере қызы Фатима Санжарқызы Жандосованың жеті жасында салғанын да сүйсіне айтамыз. Асылдың тұяғы десек, дегендей емес пе!

Жинаққа енген шығармалар Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының № 1368 1. Жансүгіровтің жеке қорынан көшіріліп алынды. "Шәркей" 1929 жылы латын әрпімен жиырма беттік суретті кітапша болып (Қазақстан баспасы) басылып шыққан нұсқасынан, ал "Малта" (бұл да сол қордан) араб әрпімен Ташкент қаласындағы "Қазиздат" баспасында жарияланған түрлі-түсті он үш беттік кітапша нұсқасынан алынып, осы күнгі кириллица әрпіне түсірілді. "Өтірік өлеңдер" Мәскеу қаласында 1927 жылы 95 бет болып араб әрпімен жарық көрген нұсқасынан басылып отыр. Бұл нұсқа да Қазақстан Республикасы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің кітапхана қорынан алынды.

Балалар! I. Жансүгіровтің ел аузынан жинаған өтірік өлеңдерін зейін қойып оқысандар, олар сендердің ойларыңның жүйрік, қиялдарыңның үшқыр, тілдеріңнің өткір болуына көмектеседі. Өздеріңді де осындай өлеңдер, әңгімелер құрап айтуға үйретеді. Бұл жинақ қазақ халқының бұрынғы тұрмыс-салтынан мол деректер береді және оның тілі де шұрайлы.

Сәттілік тілеймін, жас достар!

Жекен Қалиұлы,
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты,
Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорының (2001)


ЖИНАУШЫДАН
Бұл жинаққа ел әдебиетінің белгілі бір түрлері — өтірік өлең, өтірік ертегі, өтірік айтыс, өтірік мақтан тағысын-тағылар еңген.
Ел әдебиетінің бұл түрі — бұл күнге дейін жиналып, басылып жарыққа шыкпай жатқан қазына. Өтіріктен А. Диваев жинағында там-тұмдап үшырайды. Бірақ, ел ішінде өтірік аз емес, өтірік орасан көп. Қазақтың өтірік өлеңі — өтірік ертегі дегендері расында кенеуі жоқ босқа өтірік емес, өте шеберлікпен, тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөз, тұрмыс құбылысындағы құнарсыз нәрсені дардай қылып, ойдан орақ орып, қырдан қысырақ матап, болымсыз нәрсені әлденеге ұксатып, даңдайсытып, тыңдаушының сілекейін шұбыртқан өтірік. Ел жанына жақпайтын жай сөз болса, белгілі бір түрдегі алып "ел әдебиеті" болмас еді. Ел бұл күнге шейін сақтамас еді. Өтіріктің өмірге ұқсастығы болмаса, ел әдебиетінің бойына сіңбес еді. Жоқ, өтірік — ел әдебиетінің бір мүшесі. Өтірік әдебиетте өмір көп. Салыстыруы бар, сықақ мол. Әр жануардың, әр айтылған нәрсенің түрмысқа байланысы бар. Өтірік өз мәнісіңше не тіршіліктің шын жаңа жағына, не көңілдің күйін көксеуге байланысып отырады. Айталық:

Инелік пен масаны құда қылып
Инеліктің үстіне шекпен жаптым.

Иә, қазақта құдалық бар, оның арасында делдал бар: құда кит киеді, ат мінеді, шапан жамылады. Сондықтан өтіріктегі инелік те шекпен жамылып, киіт киіп, жамбас жейгін құда болуга лайық.

Әкесіне ас беріп жатыр екен,
Көбелектің үйіне кіріп келсем.

Әрине қазақ айтқан соң, көбелек те ас береді. Ас беру әдеті көзді аша көрген мұра той. Көбелек "отаусыз" неге қалсын. Міне, бұл — жалпы елді билеген салт-сананың, әдет-танымның жарық шоғы.

Кенеге кежім жауып бесті ат қылдым,
Бетегені бес жарып келсап қылдым.
Бозторғайдың шудасын күзеп алдым,
Күндіз-түні иіріп бес кап қылдым.

Мүңда не? Кежім жауып мәпелеп, әдетте, атты күтетін Жылқы мен кенені шабыс жағынан салыстырғандық. Ағаштан келсап жасап (қазақтың өзінше қолөнері), келі түйетін, жіп иіріп, қап қылатын. Тағы тіршілік қыстырыңдысы, кәсіп түрі, өмір белгісі суреттеледі, шаруа ыңғайы көкселеді. Әдейі соларды көзіне көрсету үшін келі мен бозторғайды кежімдеп баптап күзеп әуреленеді. Тағы да:

Ауыры бүл дүниенің үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
"Көс!" деп барып түйеме қойғанымда,
Көтере алмай жығылды атандарым.

Бүл не? Күлкі, жан алданышы, ой сергектігі Әсіресе, өтірікте ел кұлағына жаққан нәрсе де, біздің керек қылатынымыз да қара сөзбен орамды, майда айтылған бейнелер. Осында кірген Мейірбанның өтірігіңдей:

"Қақпақ бел, қамыс қүлақ., бөкеи мойын.
Ағы бар алақандай тобығының", —

Немесе:

"Әндіжанның жылы майда жібегіндей
Қол еті жолбарыстың жүрегіндей…"
деген секілді әдемі суреттеулер ұшырайды.
"Жауыр, кер биеге жел-қом ерттеп,
Бір жағын жел-қомның қылмен көктеп.
Саудагер сарт кеп қалды мата жүктеп", —

деген секілді кезіндегі тұрғылас халық кәсіп түрінде, алыс-беріс ретінде Жетісу қазағына Қашқар, Қоқан жағынын жамырай қаптайтын саудагерлердің ел арасына дәрі -дәрмек деп тарататын тотияйын, күшала, сарыбұға, бозбұға, құмжеміл, жем-жеміл жайында да Мейірбан айта келеді. Бүгін де біздід өтіріктен, ертегіден, ел әдебиетінен топшылайтьшымыз осындайлар болмақ.

…Жоғарыда айттым: "Өтірік — ел әдебиетінің өзгеше өңделген көріктісі", — деп. Шынында, біздің ел әдебиетімізде өтірік араласпаса, ажары кірген сөз бар ма? Ел әдебиетінің бәрі де өтірікке, желдіртпеге, жел-өкпелікке шырмауықтай шырмажан. Қобыланды, Тарғьш, Ер Сайын, Алпамыс сықылды батырлар жырының басынан бақайына шейін ағып тұрған өтірік. Таудытасты, төрт тұяқпен жүндей түтіп, тозаңдай тоздырған, ұша берген құстың көтерілгенше белінен қырқа аттай түскен, бесінде Қазан қаласына шауып барған Қобыландының Тайбурылы, әйтеуір, өтіріктің, көпірменің дегені емес пе? Мұнда шауып отырған Бурыл емес, көңіл сөз ғой. Мықтаса, Қобыландының Тайбурылы, әйтеуір, батыр арнап тақымына басып мінген белді бір жуан тұғыр шығар. Бірақ, Қобыланды Қазанға Бурыл шолақпен жол бойы қонып, аяңдап барыпты десе, оның не дәмтатымы қалар еді. Бұл күнге шейін ел сақтамай, әлдеқашан Қобыланды әңгімесі жоталтар еді. Елге ертегі болмас еді. Әне, ақынның ақындығы сонда — сұлу сурет, кесек бейнемен елге сөз сіңірте алуында. Сондықтан, өтірік қазақ әдебиетінде өзгеше оң, келесіде киетін ел ауқымының өзі пішкен тон десек те болады. Әрине, өтіріктің де өтірігі бар. Оның ішінде құнарсыз, жалғыз тиынға тұрмайтыны да бар. Және бар өтірік бұл тана емес, бұл мыңнан бірі де болмас. Өтірік те күн сайын көбейіп отырды. Бұрын өтірікті айту үлкен мақтан, мақсат та болған. Өтірікшілер бәсекелесіп бәйгеге түскен, айтысқан. Ұлы жиындарда ел енжарласып бұларды ақындардай жарысқа салған. Әдейі ел қыдырып отірікті таратқан белгілі өтірікшілер де болған. Бұлар асқан "суайт" деген атаққа ие болған. (Мәселен, осындай Ығай мен Сығай). Әрине, бұны туғызған — ел өмірінің, қогам қүрылысының жагдайы, өмір қүны, шаруа шарты, қолы бостық, жумысы жоқтық. Айдаладағы аң мен аспандағы қүс сияқты табиғат қүшағына бөленіп өскен еркін еркелік. Бұл жағдайлар өз дәуірінде күшті куй, әсем ән, өзгеше өтіріктерді туғызып кетті. Бірақ, ел заман тауқыметін тартып, кәсіп түрінде өзге өріске ауысты. Жан бағу далбасасына бүрынғыдан да бел байлап, белсенді кірісті. Ән, сауық, әңгіме сияқты көңіл ермектері екінші кезекке шегінді. Бір "атқа мінерден" басқа қолы бос казақтың барлығы шаруа адамы болуға айналды. Осы күні егін салатын елден гөрі мал бағатын көшпелі елдің сөзуарлығын, әңгімеге үйір болатүғынын әркім абайлайтын шығар. Баяғыдай көңіл алданышы, жан ермегі үшін өтірік айтатын ауылда бүл күнде ешкім жоқ. Өтірікші енді күлкіге айналып барады. Бұл — өмірдің ұлы заңы. Енді елде сакталып қалган өтірік тамтығын жинап қалу қалам білген қазақтың міндеті болды. Мүндағы жиналған өтіріктің бәрі де Жетісудағы найман, албан, суан, дулат, жалайыр секілді елдерден жиналған. Әдейі соңына түсіп жиналған нәрсе емес. 1920 жылдан бастап ыңғайы келген адамнан сүрастырып жазып алына берген. Көбін Алматыдағы қазақ институтыңдағы жоғарыда айтылған елдердің балаларынан алып толтырдым. Ел әдебиетін соңына түсіп жинаушыларға белгілі: өлеңді, әнді, ертегіні әр ел, әр ру, тіпті ер кісі өзінше артылтып, бағаландыра береді. Осы өтірікті жинағанда да мен сол күйге ұшырадым. Мысалы: бір Мейірбанның "Шыбын" деген өтірігі маған айтып жазып берген кісілер саны 12. Оның албаны да, суаны да, дулаты да, найманы да бар. Бірақ осылардың барлығының тәуір айтканын бір екеуін негізге алдым да, өзгесін соның маңайына тердім. Сөйтіп, бұл жинағым — өзімшіл сондайлардың таңдамалысы.

Ел тіршілігі өткендегі, болашақтағы айнасы — әдебиет. Ел әдебиетінде өтірік — өзгеше түрлі айна. Ел өмірінің барлық тармағын ашып, алдына жаятын әдебиет бұл жинауы мұқтаж Сол оймен кішкентай болса да осы жинақтағы өтіріктен өзгеше көрінетін қоғам қүрылысының, салт-сананың жарықшағын шұқылап зерттеуге, әдебиетке ел өмірінің белгілі бағыты бар табанды көзқарас туғызуга дерек іздейгідерге "ел қазынасы" деп еңбек қылдым. Бұл — жинақтың түпкі орны.

Ел өтірігі — үлкеңдерден гөрі балалардікі, балалар әдебиеті жатады. Бізде балалар әдебиеті әлі жасалмай, жадағай жатыр. Балалар жанына жағымды жаңа кітаптар жоқтың қасы. Жасалғанда да табан тасы, табалдырығы ауыз әдебиетінің үлгісімен өсуі тиіс. Олай болса бүл жинақтың жарыққа шығуымен тиетін қолқабысы қураш (қур, бос. Ред) болмайды. Ермек үшін де, еңбек үшін де балалар әдебиетінің бүл күнде де болшақта да жалауына жарайды. Мектептерде тіл сабагында, аймақ танытуда, бала бағуга, бас білер мүғалімдерге де бүл жинақ бірқатар дерек береді. Осы оймен бүл кітапша балаларға бейім жазылды. Өтіріктен басқа өтірікке сыбайлас жинақ аяғына қосымша ретінде отбасындағы балалар сөзі, кысқаша балалар ертегісі, ұсақ әңгімелер тіркелді. Ауызша айтып ат салысқан, жазып беріп жәрдемдескен азаматтарға алғыс айтам.

Мәскеу, Ілияс. 1926 жыл, 14-қаңтар


ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын құмырсқаның ұстап бағып,
Қой тастан адыр-адыр түлкі қақтым.

Мен өзім жас күнімде тырна бақтым,
Тырнамды семірсін деп қырға бақтым.
Балықтың бас-аяғын түгендеуге,
Іледе итке мініп үш жыл ақтым.

Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Қарғаны семірсін деп қарға бақтым.
Мешін жылы ақсүйек үлкен жұт боп,
Арығына қарғаның жабу жаптым.

Мен өзім жас күнімде қарға бақтым,
Арықтап, әр қарғама жабу жаптым.
Желді күні жетеуі желдеп кетіп,
Түу Бақастың түбінен әрең таптым.

Қарғам жеріп ішпеді суын қақтың,
Суы қылды қашықтық Белбүлақтың.
Ақөзектен инемен құдық қазып,
Күнде үш уақыт қарғамды суға жаптым.

Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,
Бозторгайдың шылбыр қылдым шудасынан.
Көбелектің қанатын көпір қылып,
Теңіздің өте шықтым турасынан.

Көбелек тумай жатып үйін көрдім,
Балықтың, соймай жатып миын көрдім.
Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Астыма тышқан мініп, түйе өңгердім.

Келемін өзен құлдап, масаны айдап,
Үркіттім инелікгі адағайлап.
Болғанда құрбан айты құрбан шалдым,
Асауын бөгелектің жемге байлап.

Айттым да өтірік өлең желдей естім,
Ұстап ап қос құланның мұрнын тестім.
Болса да өзге өтірік осыным шын,
Жүк артып бес қоңызға түнде көштім.

Айттым да өтірік өлең желдеп кеттім,
Соңымнан көбелекке кел деп кеттім.
Асауын бөгелектің ұстап мініп,
Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.

Бөгелек ертең ерте пісіріп жүр,
Тақымға тамақты таудай қыстырып жүр.
Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Мойнында бөгелектің бес құрық жүр.

Үлкені бұл дүниенің маса батыр,
Маса батыр бір тауды қашап жатыр,
Бір масаның семізін сонда көрдік,
Алпыс екі табаққа жасап жатыр.

Ауыры бұл дүниенің үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Көтеріп "Көс!" деп барып қойғанымда,
Көтере алмай жығылды атандарым.

Жыланды жолда жатқан таяқ қылдым,
Тасбақаның сүйегін аяқ қылдым.
Шегірткенің айғырын шертіп мініп,
Қоспастан үйіріне саяқ қылдым.

Айттым да өтірік өлең елге жақтым,
Қайырып көбелекті көлге жаптым.
Инелікпен масаны құда қылып,
Үстіне инеліктің шекпен жаптым.

Айыл қылдым жыланның жонын илеп,
Көбелекке жүр екен сона күйлеп.
Сол сонаның айғырын іздеп жүрсем,
Бір тоғайда жүр екен түйе сүйреп.

Инелікке міндім де сона қудым,
Үш күн түнеп сонаны қона қудым.
Енді жеттік дегенде ине сынып,
Енді инелік мінбеске тоба қылдым.

Төске тарттым жыланның иегінен,
Тic шұқышым шіркейдің сүйегінен.
Ар жақтағы араны алты ай қуып,
Жаңа қайтып келемін түнеугіден.

Ор тышқанның тісінен балта еткенмін,
Бас терісін боқжама қалта еткенмін.
Көбелектің қанатын көпір қылып,
Адам өтпес дариядан алты өткенмін.

Атасы сона деген кәпір екен,
Құмырсқа — бір талай жан батыр екен.
Үйіне көбелектің кіріп келсем,
Ac беріп әкесіне жатыр екен.

Асына тамам сона тойған екен,
Қырық өгіз, алпыс бие сойған екен.
Асына бүгін барып, кеше келдім,
Бейіт қып Алатауды ойған екен.

Келеді мына жақта топты маса,
Біреуінің тұмсығы темір аса.
Жегенге ептеп-септеп тамақ жоқта,
Ет шықты елу табақ, бір тамаша,

Кенеге кежім жауып бесті ат қылдым,
Бетегені бес жарып, келсап қылдым.
Бозторғайдың шудасын күзеп алып,
Күндіз-түні иіріп, бес қап қылдым.

Көбелектің көнектей майын алдым,
Төрт елі иегінен айыл қылдым.
Атым сиген жерден көл тұрғызып,
Көлденеңі қырық кез жайын алдым.

Жібердім бес сауысқан ұры жарға,
Жануар бірі жүйрік, бірі жорға.
Өзгем өтірік болса да осым шын,
Жүк қылдым кекілікті бес жүз нарға.

Бөденемен қайырдым бөлтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.

Өзгем өтірік болса да осыным шын,
Бір шалды шіркей теуіп өлтіріпті.
Байладым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең — аттың мүлкі.

Ішінде топ кісінің жығып кетіп,
Қылдың ғой, ойбай қарсақ, мені күлкі.
Күмістен ақ тышқанға тага қылдым,
Терісін бір тышқанның жаға қылдым.

Терісін сары масаның жыртпай сойып,
Жиыны он бес қарыс саба қылдым.
Жоғары жактан келемін кұлан атып,
Құла шолақ тышқанды бұлаңдатып.

Жеті өзеннің жанынан түлкі қақтым,
Көртышқанның жонынан айыл тақтым.
Маса қызын беріпті көбелекке,
Күйеу жолдас болыпты бөгелекте.

Шаранадан қарық қып жыртыс жыртып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.
Маса қызын беріпті көбелекке,
Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.

Тоғыз сона тойға мал айдап сойып,
Ақ киізін артыпты инелікке.
Түментіден келемін жоғары өрлеп,
Төрт қап өлең теңдедім аузын түйреп.

Төрт қабының бірінің аузын ашсам,
Анау-мынау қашады тонын сүйреп.
Шымшықтың шылым қылдым қу басынан,
Бозторғай шідер қылдым шудасынан.

Бір өзіме қарайтын мың торғай бар,
Ешкім менен бай емес бір басымнан.
Бозторғайдың жүзі жүр жұлмасынан,
Тоқитұғын қал-шекпен шудасынан.

Торғай тұрып қатыным түйе іздейді,
Болады екен олағы ұрғашыдан.

Бит айтады сіркені қатыным деп,
Сірке айтады жейдені шатырым деп,
Бит өлгенде бүл сірке не деп жоқтар,
Ақ тырнакпен алысқан батырым деп.

Алтыннан ақ қоянға қақтым таға,
Бір тышқаннан үш тонға піштім жаға.
Суыған сайын кигенде күйдіреді,
Кешке оранып жатады бала-шаға.


КІРПІКШЕШЕН

Бір күні жол жүруді ойыма алдам,
Ұзындығы жүз төрт кез сойыл алдым,
Қырық, пұты кем қырық қадақ қойдың етін,
Қыра турап, біржола тойып алдым.

Кер ала кірпікшешен мініп алдым,
Бүлдіргенді қамшымды іліп алдым.
Қырық бес тақта қағаздан киім жасап,
Қырық түйме тақтырып киіп алдым.

А, құдайлап мал айтып шықтым жолға,
Өтірік жоқ, жамағат, таза тында.
Мінгенім кірпікшешен болғаннан соң,
Ер жігітке қырық күндік жол қиын ба?

Қүбыланы бетіме алдым қисақтатып,
Кірпікшешен жорғалайды қипақтатып.
Етігімнен омбы қар сауылдатып,
Шауып кетіп барамын бұркақтатып.

Шауып келем дауылдай дөуірлетіп,
Әр ауылдың иттерін шәуілдетіп.
Қырық бес күндік ұдайы ұзақ жолға,
Қырық бес сағат ішінде бардым жетіп.

Ол жерде ұлы жиын, той бар екен,
Бөйгесіне жеті мың қой бар екен.
Кераланы қосуға осы тойға,
Жәкеңде де аз ғана ой бар екен.

Aт айдаушы айдады аттың бәрін,
Нан саттырып қойыпты сарттың бәрін.
Екі қадақ, бір мысқал бала тауып,
Қосып жібердім, барсын деп жануарым.

Алты сағат дегенде айғай шықты,
Келе жатыр кералам жалғыз тіпті.
Топты жарым атымды атағанда
Шыдап шыққан шыбын жан неткен мықты.


Сүйінгеннен Жәкеннің терлегені-ай,
"Сауға батыр, сауға", — деп ел келгені-ай.
Екі-екіден үлесіл бәйге қойды,
Өз малымды өзіме бермегені-ай.

Сонда да төрт мың қоймен қалдым кетіп,
Тойдан шығып үйіме келдім жатып.
Үйге келсем оң жақта бір бесік түр,
Сұрамадым ешкімнен сабыр етіп.

Кешегі күн қатыным жерік еді,
Бүгін бесік керемін — еніп енді.
Шолпылдатып баламды сүйіп тұрмын,
Бұл да болса құдайдың беруі еді.

Мал боп кеті төрт мың қой соныменен,
Кералаңның бәйге алған жолыменен.
Кірпікшешен жайына және кетті,
Жүрміз, міне, сол қойдың қорыменен.

Бір өлеңім бар еді ойға кетті,
Ойдағы балықтағы тойға кетті.
Бір өлеңім үйіне бармай қонып,
Лақ іздеп өрістен қойға кетті.

Бір өлеңім бар еді жатқа кетті,
Бір өлеңім жүген ап атқа кетті.
Бір өлеңім жейдесі тозып қалып,
Жейде алам деп саудагер сартқа кетті.

Бір өлеңім, дариға, кетті қолдан,
Келуші еді пұл тауып он, мен солдан.
Бір өлеңім Сүйдінге кетіп еді,
Томажынай қуыпты орта жолдан.

Бозды мініп, қараны жетелеп ап,
Аман келді біреуі әрең зордан.

(Омарбек ақыннан)

//1 Сүйдінге — Қытайдың қаласы
//3 Томажынай — шекара күзетшісі


МЕЙІРБАННЫҢ ӨТІРІГІ

Мейірбан — албан, қызылбөрік руынан. Бұл күнде ұрпағы Алматы уезіңде Қызылбөрік болысында. Өтірік өлеңдегі "Бүркіттен" бастап, "Кері бие, торы құлын", "Торы тайды" айтып "Шыбынды" да шығарады.


БҮРКІТ

Жағалай Құрөзекті ауылым қонды,
Үй тігіп, жүк жиғанша ымырт болды.
Білте қара асынып аң іздедім,
Үйде нағып отырсың, Мекен сорлы.

Жағалай Құрөзекті шыға салдым,
Таңға жақын бір елік атып алдым.
Бүйрек майын шыжғыртып ішіп алдым,
Таң қыланда мызғымға жатып қалдым.

Нанбаңыз айтқаныма болса жалған,
Сауданың сөзі емес сатып алған.
Күн шығарда оянып дөңге шықсам,
Қияда бір бүркіт тұр ұя салған.

Қайта ойға, қуандым да, түсе қалдым,
Ұзынша бір құрықша кесіп алдым
Желмей, жортпай қиядан құсты алуға,
Басына балапанның тұзақ салдым.

Балапан да бұлқынды асаудайын,
Тартынғанда тарпандап баса алмаймын,
Тас құлатып, тау бұзып торлағанда,
Бакайын баса сүзді бас маңдайым.

Қойымды қоңыр ақсақ айтып сойдым,
Ши қоршап балапанды қойып қойдым.
Шығармай шып-шырғасын түгел асып,
Бүркітке арқа-мойын жемге қойдым.

Сынаттым Байтоғашқа келген күні,
Бар екен әр жерінде белгі жүні.
Бұл менің шұбарыма ұқсайды екен.
Жабысты маған бер деп күні-түні.

Ертеңіне aп шығып аңға салдым,
Салған күні үш қасқыр, бес түлкі алдым.
Келесі күні он қасқыр, он карсақ ап,
Шаршаған соң, тау асьш жатып қалдым.

Түсімде түлкі алғаным есімде бар,
Түлкіме етік алыппын өкшесі бар.
Таң атқан соң жорттым үлкендерге,
Бір жаксы ат мінесің деді жорушыдар.

Әркім-ақ бұл бүркітке қолқа салды,
Он екі ай ұдайы салдым жануарды.
Бір саятта шіркінге көз өтті ме,
Қолға оралмай, тас болып қатып қалды.


КЕРІ БИЕ, ТОРЫ ҚҰЛЫН

Ауылым тұрған көктеп, Асы жайлап,
Пендені жүреді екен нәсіп айдап.
Бөктерге жазға салым түсіп конып,
Қой қоздап, ақ шықты ғой, сүтке аймақ.

Ауылым Асы жайлап, Түрген көктеп,
Жүр едім жауыр кері биеге жем-қом ерттеп.
Бір жағын жем- қомымнын қылмен көктеп.
Саудагер сарт кеп қалды мата жүктеп.

Қасына саудагердің бардым енді,
Кезімді көлігіне салдым енді.
Қарасам кер биенің әрпі тәуір,
Атыма айырбастап алғым келді.

Қызықтым кер биенің тұлғасына,
Мінетін бедеу екен ұрғашы мал.
Жабыстым "Айырбаста" деп шаужайынан,
Мекеңнің беріп кет деп құласына.

Соңынан сарттың түстім бері беттеп,
Құламды мақтап жүрмін тұлпар еді деп.
Қостырып оны-мұны тағы үстіне,
Ат беріп, айырбастап алдым ептеп.

Атым да кәрі-ақ еді тісі кеткен,
Сырғанап шыға алмайды қия беттен.
Атымды аса мақтап үсті-үстіне,
Мата алдым, бес қалам мен сексен кетпен.

Бір ішім тамыр дері, қырық кұшала,
Қос уыс сарт санадан қосты және
Қызыл бояу, қалампыр, можысымен,
Ине-түйме алыпты қатын бала.

Көп айтсам өтірікті болады өсек,
Ашудасы тостағандай екі кесек.
Нөрселер ондай-мұндай тағы дэ бар,
Алыпты айна-тарақ, келін-кешек.

Құлжадай тірі апиын, тотияйын,
Сартыңнан да асырдым сауда жайын.
Керіктей кер биені кезіне айдап,
Берді гой деп қуанам бір құдайым.

Сарт кеткен соң сауданы есептеймін,
Тотияйын, ашудас — кесек деймін.
Кәрі атыма жас бие бұйым алып,
Сауда сайын сартты өстіп жесек деймін.

Ойласам, бес қаламды о да бір қой,
Құнына қырық дәрінің жете ме ой.
Айна, тарақ, ине жіп, қалампырды,
Жігіттер, ол не болар есептеп қой.

Жігіттер, жөні бөлек жақсы малдың,
Бір бием, ат та бар деп көп қуандым.
Бар еді бір айғырым озып жүрген,
Қосақтап үйіріне қоса салдым.

Бұл бием мандам екен соныменен,
Құйрығын алдым күзеп жалыменен.
Мандамын үш қидырып жіберіп ем,
Солқылдақ қыстан шықты бағымменен.

Мойнына жануардың тақтым тұмар,
Мінбекке құлындатып болдым құмар.
Сол жылы алты ай кыстай жылқы бағып,
Деп жүрмін жануарым қашан туар.

Сол жылы жылқы бақтым жылқышы боп,
Кер бием, ат табар деп көңілім тоқ.
Айғырдың үйіріне жетіп келсем,
Кер бием ұшты-күйді, зым-зия жоқ.

Желіні тор биенің толған екен,
Жылқышы бір ауылға қонған екен.
Күні бұрын арқандап бағып алмай,
Менен де бір қапыстық болған екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,
Жылқышы бір ауылға кеткен екен.
Басыма кер биені байлап жатпай,
Менен де бір надандық өткен екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,
Жылқышы бір ауылға кеткен екен.
Жүгіртіп торы айғырмен ізін шалсам,
Шелекті баса-көктеп өткен екен.

Бір айғырым құр жүрген салмай тоқым,
Байқаушы едім, сақ жейтін тұяқ отын.
Сол айғырды үйірден ұстап мініп,
Қуып келем биенің шашқан боғын.

Құр жүрген айғыр жазы, күзіменен,
Биенің соғып келем ізіменен.
Күн жауып Кіндіктаста, ізін шайды,
Сонда да келем жортып кезіменен.

Торпақтап торы айғырды шықтым әрден,
Болжаушы едім жас күнімде талай жерден.
Меркіннің ар жағында бір қара тұр,
Көзім де көз емес пе соны корген.

Бұттап ап жосып кеттім ылди темен,
Сенбейсің бұл сөзіме айтқанымен.
Көзіме көрінеді алас-бұлас,
Бауырында абажадай қоңыр белең.

Мінгенім дәйім менін қара жал сұр,
Қайырып қаршығама ілдім бір құр.
Жүгіртіп қарайғанға жетіп келсем,
Меркіннің жағасында құлындап тұр.

Дегенім алас-бұлас енесі екен,
Белесім құлынымның денесі екен.
Тұрқы бар тоғыз құлаш жануардың,
Тұлпардың түлпарының тересі екен.

Құлыны құмай келген торы құлын,
Жануар мен көрмеген шын зор құлын.

\\1 Шедек Ілеге құятын өзен.

Қақпақ бел, қамыс құлақ, бөкен мойын,
Ағы бар алақандай тобығының.

Әндіжаннын жалы майда жібегіндей,
Қол еті жолбарыстың жүрегіндей.
Сауыры кебеженің тақтайындай,
Сүбесі Іленің бар түбегіндей.

Шамсытпай жануарды жақын бардым,
Биенің де мойнына білек салдым.
Бием арық, айғырым жүрмеген соң,
Шандырлап торы құлынды мініп алдым.

Шандырлап торы құлын мініп алдым,
Қамшымды жерде жатқан іліп алдым.
Айғырымды бөктеріп, бие өңгеріп,
Күн еңкейе Меркіннен үйге салдым.

Биемді іздеймін деп кеше шықтым,
Қасыма ешкімді ертпей жеке шықтым.
Бие өңгеріп айғырды бөклеріп ап,
Меркіннің бер жағына өте шықтым.

Жануар өрге салсам дүрілдейді,
Мұз тауда мұзға салсам сүрінбейді.
Баяғы сарттың қолы құтты екен деп,
Мұртынан Мекең дағы күлімдейді.

Ақ жардың ауылым қонған өзегіне,
Сезімнің қараңдаршы кезегіне.
Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,
Асының желіп шықтым кезеңіне.


ТОРЫ ТАЙ

Торы құлын келер жылы шықты тайға,
Оқи бер бата-құран туған айға.
Куанышым қойныма күнде сыймай,
Құмалақ салдырамын жаңа айда.

Торы тайға бір күн мініп шықтым желігі,
Аттым тастан он бұғы, елу елік.
Шығармай шып-шырғасын артып алып,
Тайымды таң асырдым үйге келіп

Тайымды байлап қойдым таң асырып,
Тұрмайды қызған неме аласұрып.
Төрт аяқ шабыс тілеп ойнап-билеп,
Түр екен омырауымен кермені ұрып.

Ақжарды ауылым қонған жайлайың деп,
Жылқышы бие айдап жүр байлайын деп.
Торы тай ертең-ерте қоя берсе,
Бүк түсіп жата кетті аунайын деп.

Торы тайым аунап кетті жүре желіп,
Он бұғы артып келген елу елік.
Суык көзден сақтай көр құдайым деп,
Ішімнен бір мал айттым үйге келіп.


ШЫБЫН

Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып,
Сол малды айтып сойып, көңіл басып.
Малдың етін таратып, жеп жатқанда,
Балалар түйе баққан келді сасып.

Сорпа ішіп жатыр едік, мал етін жеп,
Қойшылар аттан салды: "жау тиді" деп
Ауылдан атты-жаяу, барлығымыз,
Төбеге түгел шықтық атой сап көп.

Торы тай тұлпар туған құлын екен,
Сойған сірке терісі жырым екен.
Түйеші мен қойшының қорыққаны,
Шеріктен асқан үлкен шыбын екен.

Ажалдың өзім көрген асқаны екен,
Тұмсығын тұмсыққа кеп басқан екен.
Тауды, тасты қопарып қонған кезде,
Кой үркітіп, қойшылар да қашқан екен.

Алдырдым бір баладан мылтығымды,
Таяп келдім бетке алып бір тұғырды.
Алыстан қара құстай көрінеді,
Сайладым тағы бірге құрығымды.

Мылтықты алдым дағы тайға міндім,
Қапталдай үлкен сайды бойлай жүрдім
Он қырқа, отыз құлаш өткеннен соң,
Нысан жерің осы деп тосып тұрдым.

Тайымнан атайын деп түсе қалдым,
Тайыма тарылдыртып шідер салдым.
Бұтағын шідерімнің ұстап тұрып,
Шыбынның, үлкеніне қайран қалдым.

Кигенім аяғыма мықшима етік,
Басқаны білінбейді тырс-тырс етіп.
Мылтығымды қолға алып бір тізерлеп,
Бүкектеп қызыл тасқа бардым жетіп.

Мекең де соған барған батыр екен,
Шіркіннің атқапына татыр екен.
Жалтылдап шаңырақтай екі көзі,
Бағжайып, бақыраңдап жатқан екен.

Атқан оқ дәл бүйректен барып ұрды,
Тағңырқап бұл не деп мойын бұрды.
Шыбынның шыдамдысын содан көрдім,
Жығылмай бір оғыма қарап тұрды.

Мылтығыма оқ салдым маймен сылап,
Құдайға мәніжат қып қолдау сұрап.
Тақыр қолтық осы-ay деп тартқанымда,
Жыраға салдыр-гүлдір кетті құлап.

Кісен бар он салпыншақ сегіз сала,
Жүгірдім қожантымды қолыма ала.
Қарағай қапсай қирап, тас-талқан бон,
Шыбынның түскен жері дала-дала.

Қожантым кескен пышақ, өткір ұшты,
Шыбынға Мекең мықтап міне түсті.
Алла деп күресінен тартқанында,
Отаудай опырылып басы түсті.

Жылқышы жылқысынан шыға шауып,
Мылтық?ың жеткен екен даусын танып.
О, тоба, мынау неткен аң еді деп,
Аузынан суы ағып, тұр тандай қағып.

Жылқышы ел шетіне келді барып,
Мекең шыбын атты деп хабар салып.
Қаруым, қанша айтқанмен, бар күнінде,
Өзім-ақ даярладым бұзып жарып.

\\1 Қожант — сарт ұсталар ұстаған, соққан пышақ


Жылқышы ел шетіне барып кепті,
Хабарын рулы елге салып кепті.
Щыбынның етін артып жеткізуге,
Он өгіз, тоғыз түйе алып кепті.

Қоңырбай құндап келді қара нарын,
Қасына ертіп келді алған жарын.
Бақайшықтың ішіне кіріп кетіп,
Түйреп шықты іш майын тоғыз қарын.

Шыбын да мұндай үлкен туады екен,
Шыбынның нақ семірген уағы екен.
Тобығы тоғыз қарыс қазандай бар,
Жіліп бір өгіздей жуан екен.

Бөктердім төрт өгізге бүйрек майын,
Шарбысын тағы да алдым, уа, құдайым,
Қарынның қатпаршағын атанға артып,
Бүйенді тастай салдым. не қылайын.

Ет тізген он бір арқан, жеті желі,
Сонда да қайыспады тайдың белі.
Кіреді жерді басса тізесінен,
Кіреді тасты басса жуан елі.

Терісін тоғыз күндей суға салдық,
Қырық құлаш таспа қып тіліп жардық.
Қарық болып иіріп аулымызбен,
Кайратып тоқсан пышақ жүнін алдық.

Сонда да шет пұшпағы босқа қалды,
Құдай бізге берді гой мұндай малды.
Керегенің кеткенін көктейміз деп,
Әнекеңнің ауылы жинап алды.

Ауылым Түрген көктеп, Асы жайлап,
Жүр екен енді ойласам нәсіп ойлап.
Шыбынның жілігінен науа салып,
Сол жылы батып қалдық егін айдап.

Мекең сөйтіп шыбынды атады енді,
Атып келіп аулына жатады енді.
Мекең биыл үлкен аң атыпты деп,
Қырғыз, қазақ айтады даңқын елі.

Қырғыз бенен қазаққа даңқты болды,
Ет аңдитын қонақтың салты болды.
Әлімнің Аққызының, дауыменен.
Он үш дулат үйіме баса қонды.

Желкілдеп қатын-бала суға барды,
Қазанға бір жілігін бұзып салды.
Алдына ұсақ турап қойып едім,
Тауыса алмай табақта ет артылып қалды.

Аң қудым ертеңіне Текесті өрлей,
Екпіні торы тайдың сокқан желдей.
Отыз бұғы, он марал қуып ұстап,
Аяндап үйге қайттым бөрін теңдей.

Отыз бұғы, он шақты марал атып,
Бәрін байлап жаныма салаңдатып.
Тайымды таң асырып байлап қойсам,
Қалыпты тайым өліп жамандатып.

Торы тай арыстай боп жатыр сұлап,
Оігіздей боп өкірдім тайға жылап.
Ағайын албан-суан көңіл айтып,
Бата оқып келіп жатыр құда, жегжат.

Осының жалған емес бірде-бірі,
Бұл бір бастан кешкен іс доңыз жылы.
Сенбесендер жан үшін құран ұста,
Сондағы Шалқыбай ит әлі тірі.

Айттым да өтірік өлең айла қылдым,
Кесіп ап бетегені найза қылдым.
Шыбынды үш қонаққа сойып беріп.
Жарты етін алып қалып пайда қылдым.

Соғымға баяғыда тышқан шықты,
Жабылып он бес жігіт зорға шықгы.
Озгем өтірік болса да осыным шын,
Басқасы бүйрек майдан бес қап шықты.

Артқаным бір қоянға бес қап тұзды,
Басады қатыр-құтыр жалтыр мұзды.
Екі күн жүрсем дағы ішін тартпай,
Қампиын кәрдың бетін қарны сызды.

Шыбын сойып елімді қарық еткенмін,
Тұқылын тұмсығының балта еткенмін.
Сойғанда қардың шыбын қазан толып,
Соймасқа енді шыбын ант еткенмін.

Міндім де тасбақаға, аяңдадым,
Қудым да құмдауыттан қоян алдым.
Қояны сол араның семіз екен,
Көтеріп тасбақаға қоя алмадым.

Масаның кішкенесі батыр екен,
Көк сона діннен шыққан кәпір екен.
Үйіне сол кәпірдің жетіп барсам,
Ac беріп әкесіне жатыр екен.

Көнектей кебелектің жұмыртқасы,
Қүдайым тап осылай жарылқасын
Бір қызын инеліктщ алып қашьш,
Бітпей жүр баяғыдан барьштасы.

Міндім де қара тышқан Мекке кеттім,
Жеткізбей қуған елге өзім кеттім.
Тышқаным сөйтіп жүріп жауыр болып,
Екі үзік, бір туырлық, жел-қом еттім.

Айдадым бес сауысқан Петерборға,
Жануар өзі жүйрік, өзі жорға.
Өзгем өтірік болса да осым шын,
Келемін кекілік. артып бес жүз нарға.

Жүк арып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мүртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым өзер шештім.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын тасбақаның ұстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым.

Отыным жаздай жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.
Былтырғы жер ошаққа жаққан отын,
Тұтанып биыл ғана қызған болды.

(Құрманәліден)

 

РАДЛОВ ЖИНАҒЫНАН

Міндім де осырақ қоңыз аяңдаттым,
Болдыртып аяғына қоянды аттым.
Апырым-ай! Сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмаппын.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Балықтың қабыршағын отқа жақтым.
Бір сонам асыранды кіршіп кетіп,
Меккеден он жыл іздеп азар таптым.

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.
Қатыным ту қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майдан екі қарын.

Міндім де осырақ қоңыз сона қудым,
Үш жұма үш ай жүріп, қона қудым.
Қумасқа белді байлап түрып едім,
Дегенге жеңгем жерік бола қудым.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Балама қалың бердім барым сатып.
Білімін мал жиюын ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.

Байлықтан азап шектім ақырында,
Бір түйір мал болмады жақынымда.
Малымның бөрін жинап отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық кылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жиынга салтанатқа кидім құрым,
Қытықтап зорға айтқызыпш ханның сырын.
Келгенде қалындығым сексен төртке,
Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпады он матадан сыңар қалта.
Дәулеттің құдай берген арқасында,
Көшем жүз түлікке жүгімді арта.

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай
Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,
Қан түсті аяғыма өле жаздай.

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нар қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге төмен қашқан тап-тап бердім.

Басына қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы жора қылдым.
Топан су тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Апырым-ай бәрін тулпар өлтіріпті.

Мен өзім кішкенемнен қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың жүйрік шығып,
Мойнына ақ киізден арқан тақтым.

Мизамның сілемейін желі қылдым,
Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қанат үй істедім,
Бір қызын кесірткенің келін қылдым.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,
Қоянның атым үрікті топайынан.
Тазымның нағашысы етекші еді,
Көртышқанның етік қылдым шоқайынан.

Басына бәйтеректің тіктім орда,
Көкорай шалғын екен қора-қора.
Қос атпен күні-түні бірдей қуып,
Қашаған бір битімді тұттым зорға.

Мен өзім өттірікпен жалт еткенмің,
Биялай бит терісін қалта еткенмің.
Етіне бір шіркейдің қазан толмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,
Ініне абжыланның қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тулап еді,
Жалғыз тал қыл қамшымен өлгенше ұрдым.

Түгестім сапты ақкпен Сырдың суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың, буын.
Еншіге әкем берген мың коянның,
Соғымға қырып алдым таңдап туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жил жайлап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Қошқардың қағанақган күйеіі бар,
Шідердің мұздан жонған тиегі бар.
Жұртьш-ау, осыған да нанбаймысың.
Қырық арба, бір қаншырдың сүйегі бар.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,
Жалған емес, айтайын турасынан.
Қырык қарға, отыз сона құда болып,
Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген мініп шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Дариға, тоған бастым ебелектен,
Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,
Бір кемпір е дегенше өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Тіреуге қүрқылтайды байлап сойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.

Сауысқан елден асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып салды бүлік.
Қақайып кеше кешке жеген еттен,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.


БАУЫРСАҚ ШАЙНАҒАНДА

БАЛАЛАРДЫҢ АЙТАТЫНЫ

Нәйім-нәйім бауырсақ,
Қойға қарай жүгірсек,
Қой ішінде көк ісек,
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала үйкүшік.
Нәйім-нәйім бауырсақ,
Бауырсақты қуырсақ.
Жақсы бала малсақ,
Жаман бала ауылсақ.

ӨТІРІК ЕРТЕГІ, ҰСАҚ ӘҢГІМЕЛЕР

ЖҮЗ АУЫЗ ӨТІРІК АЙТҚАН ТАЗША

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен.

Бір күні хан: "Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін!", — деп жариялапты. Талаптының бәрі де өтірік айтамын деп одан-бұдан құрап айтса, не дәмін келтіре алмай, не сүзге толтыра алмай, ханға басын алдыра беріпті.

Сонда бір сиыр бакқан тазша бала: "Ханға мен жүз ауыз өтірік айтамын", — деп мәлімдеші Хан: "Айт!" — деп рұқсат қылған соң, тазша бастап кетіпті: "Болмаған бозбала күнімде, тумаған атамның ту жылқысын бақтым. Атам арнап ұрғашы ала тайға ен сап берді. Ала тайым ай жасап, жыл жүріп бала байтал болды.

Байталымды айғырға қостым, бұзау болды. Бір күні желіні жетіп жүрген ала бием бошалап кетіпті. Әкемнің сары биесіне шығып, көздесем керінбейді. Атымның үстіне құрығымды шан-шып шығып қарасам көрінбейді, құрығыма қамшымды шаншып қарасам, көрінбейді. Қамшыма пышағымды шаншып қарасам, өрінбейді. Пышағыма бізімді шаншып қарасам, көрінбейді. Бізіме тебенімді шаншып қарасам, алты дарияның ар жағында, бес дарияның бер жағында айға қарап құлындап, күнге қарап оттап тұр екен. Құлын биенің белінен былай бір аттап, былай бір аттап түседі екен. Құрығымды қайық қылып, әлгі дариядан ә дегенше сырғып өтіп, қасына жетіп бардым. Енесіне мініп дегенше сырғып өңгеріп едім, көтере алмай омақаса жығылдым. Құлыныма мініп, енесін өңгеріп алып, алғы дарияны аттап, бес дария-ның бер жағынан өте шықтым дегенде Хан: "Ой, ол дария деп дардайғып айтып отырғаның шұқанаққа жаңбырдан іркіш шалшық-малшық, — депті. Тазша:

— Шалшық-малшық емес екенін содан байқаңыз, бер жағынан ертемен ұшқан тұрымғай кешке ар жағына азар шығып қонды. Хан:
— Әй, оның тұрымғай емес, қанаты жетілмеген бала салапан ғой. Тазша:
— Балапан-салапан емес екенін содан біліңіз, тұғырға байығанымызда томағасы тоғыз қанатты уйдің шаңырағынан ас тұрды. Хан:
— Ой, оның үй емес балалардың ойын күркешігі ғой. Тазша:
— Күркешік-мүркешік емес екенін сонан байқаңыз, есігіні өкірген өгіздің дауысы төріне естіпмейді. Хан:
— Ой, оның бір тайынша қашқанның бұзау-мұзауы Тазша:
— Оның бұзау-мұзау емес екенін сонан біліңіз, бір сапа алпыс кісі мінгесін жүріп, кісі басына алпыс алтыдан алдық. Соңда хан:
— Ой, өгізің құрысын, бағанағы биені өңгеріп құлыт қайда кеттің?, — депті. Тазша:

— Дариядан өтіп келе жатсам, өспеген қоян өре қашты. Тебеніммен тіреп тұрып, инеммеи екі салып, біреуін соғып кададым. Пісіріп жейін деп, бір етек тезек теріп әкелсем, барлығы бөдене екен. Үйықтап ши түбіңде жатқанда, теріп ала беріп. Әкеліп төгіп салганда, ұшты да кетті. Қайта барып шын теріп әкеліп, қоянымды қақтап жеп, майын етігіме жағып, бір қазыққа байлап жатсам, ұйықтап қалыппын. Бір мезе жау шапқандай тарс-түрс төбелес шығады. Шошып оянып кетсем, аяқ жағыма тыққан екі етігім қызыл шеке болып төбелесіп жатыр. Бір етігім біріне: "Маған су жақты, саган май жақты!" — дейді. Жанжалы осы. Ұрыстың басы былжырамадан шыққанын білдім де, екеуін екі қойып, орны-орнына тығып қойдым. Тағы үйықтап қалыппын. Таң қылаңда тұрсам, май жақ етігім жатыр, су жаққан етігім өкпелеп, қашып кетіпті. Шіркін қанша ұзады дейсің деген оймен сыңар аяқтап, ізімен қуып кеттім. Бием қазыққа байлаулы қала берді. Желе жортып жеті күн қуыппын. Ең аяғыңда етігімнің ізі шырмаяқ шырдың үлкеніне соғып, адастырды да кетті. Не болса да осы елден жөн сұрайын деп, жақын жердегі бір ауылға келсем, шыбыншіркейдің рулы аулы екен. Атақты бір адамы қаза болып, қасқа шыбын сойып, ас беріп жатыр екен. Сұрастырсам, қашқан етігім сол аста табақшы болып, табақ тартып жүр екен. Көрінген жердей көзімді алартып едім, қорыққаннан қос табақ, сасқаннан сан табақ әкеп тартты. Етті жеп, етігімді екі құлағынан тартып, тебіне киіп, қайтып келе жатсам, бағанағы еттің тұзы ашты болып қатты шөлдеп кеткенім. Күн ми қайнағандай ыстық. Су ішейін деп құдыққа барсам, құдықтың суы қатып қалыпты. Балталасам ойылмайды, тескілесем тесілмейді. Тепкілесем болмайды. Шекеммен ақырын ғана нұқып қойып едім, мұзы ойылып кетіп, мөлдір суы көріне кетті. Ішіп, жұтып қанып алып, қайтып ауылға келе жатсам, жолдағылар: "Жаным-ау жарты бас қашан болғансың, шекеңнің жартысы қайда?" — деп күліседі. Бүлар не айтады деп силап көрсем, шекемнің жартысы бағанағы мұз ойған құдықта қалып қойған екен. Қайта жүгіріп келсем піскемнің шарасына алпыс үйрек ұялап, қырық қаз жұмыртқалап қалған екен. Барлығын үркітіп жіберіп, шекемді орнына орнатып, биеме қашып келе жатсам, адцымнан алпыс кұмырска шығып: "Ауылға жүріп, түстеніп кетіңіз!", — деп жік-жапар болып болмағаны. Қабырғаммен кеңесші едім, үй-түзін коре кетелік дегеңдей қылған соң, құмырсқаның аулына келдім. Төменгі үйдің төрінен, тоғыз бөлмелі үйдің көрінен орын беріл отырғызды. Үй иесі: "Мына кісіге бураның санын бұзып, қазанға сал", — дегеніне бұл ідіркіндердің бурасы қайсы деп отырсам, шегірткенің сүрлетен саны екен. Алдыма әкеліп қошанда, қара кездікпен жамбасты қайшылай турағанымда, қайқайма табақ ет шықты. Артылғанын асатып, қажанын қатын-баласына беріп, қайғып келе жатсам, жамбасымнан жанжал шықты. "Бүл не?", — деп, құлағымды салсам, қыным мен пышағым күңкілдесіп ұрысып келеді екен. Қын пышаққа: "Ішіп-жеп аласын да, ішіме жатып аласын!" — дейді. Пышақ: "Тұмсығымды тамағалап, танауымды пысылдатып, ішкен жегеніңді мұрнымнан шығарып келесің гой", — дейді. Ұрысы осы, мұртымнан мырс етіп күліп жүре бердім, Бияда бес күн жаяу, жалғыз баяғы бие байлаған жерге келсем, бие байлаган қазым шоңқиған қасқырдың мойны екен. Құлынымен қоса бір жапырағын қалдырмай жеп кетіпті. сымен тама жүз ауыз болды, ханеке, — депті Тазша. Хан сонда тазшанын арқасынан қағып, қызын қосыпты.

(Талдықорған уезі, Ғали Орман ұлынан және басқалардан)


БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ

Ақжол шабдар атым бар, Акшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып, Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенше, Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң қүйрықпен казан кайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, —депті

(Алматы уезі, Байжарас улы Рақметқалиден)

ӨТІРІКТІ АЙТҚАН ЖАҚСЫ, ҚОСТАУШЫСЫ ТАБЫЛСА

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріл жүріп, сол жөнмен алдынды өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қонышы. Ауыл адамдары: "Жақсы-жаманнан не тіл бар?", — десе, өтірікші: "Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз -ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім", —депті. Ел нанбашы.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: "Жарыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ , көкті кобелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?", — дейді. Қостаушы: "Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда керегенің сағанаты түсіп бара жатқанын көрдім", — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгеңці сұрағанда: "Бөтен айтарлық өз жок, жалғыз-ак жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен", — депті. Ел нанбашы. Енді келесі келгенде алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты, Ауыл адамдары ағы да: "Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір конақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр екен деп кетті. Онан не білесің?", — дейді. Сонда қостаушы: "Шәлі, жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайрая болған едім. Мынауыңыз сол жер болар", — деген екен. Бүл тапқырлықка риза болған ел: "Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табылса", — деп: мәтел етіп кетіпті.


ШӘРКЕЙ

Шәутен деген бала бар еді. Оның бір әдемі ақ қозысы бар еді. ІШәутен ақ қозысын жақсы көруші еді. Қозысының енесін апасына өзі саудырушы еді. Қозысын өзі көгендеп, өзі ағытушы еді.

Шәутеннің; аяғында шәутиген ғана шәркейі бар еді. Ағытып жаткаңда қозысы Шәутеннің аязын басып, шәркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шәутен шәркейіне жылап жіберді.

Апасы:
— Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шәркей ғып берем, онда қайтер екен, —деді.
Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетті. Шәутен де өсіп. Жамаулы жаман шәркейі кішкенеден-кішкене болып, аяғына симай қалды.

Шәутен:
— Aпa, шәркейім аяғыма симай калды, —деді

Апасы:
— Ендеше ақмарқанды қырықтырып әкеле ғой, бала?»;, —деді. Шәутен Сансызбайға марқасын қырқтырды.

Шәутен апасына:
— Апа, марқаны кырықтырып, жүнін әкелдім, еңді шәркейім болды ма? —деді.

Апасы:
— Жоқ , балам, жүнді сабайын, —деді. Апасы тұлақ жайды. Ауылдың қатын-қалашын жинап, жүнді сабады.

Шәутен апасына:
— Апа! Шәркейім еңді болды ма? —деді.

Апасы:
— Жоқ , балам, ішін тартамын, —деді Қатындар жүнді шиге шабақтады, аппақ майдасын бетіне тартты.

Шәутен апасына:
— Aпa, шәркейім енді болды ма? —деді

Апасы: — Жоқ, балам, су құйып, сүйретеміз, —деді. Су сеуіп, шиге орады, екі кісі тартып, езгесі тепзі

Шәуген аяасына:
— Апа, еңді шәркейім болды ма? —деді

Апасы: — Жоқ, балам, білектейміз, —деді.

Апалары білектеді. Бір жазып, бір бүктеп, көп-көп білектеді

Шәутен апасына:

— Ада! ІШәркейім еңді болды ма? —деді.

Апасы:
— Жоқ, балам, шәркейді енді қаршыймыз, —деді. Апалары киізді тікті, қайта-қайта қарши берді

Шәутен апасына:
— Апа, енді шәркейім енді болды ма? —деді.

Апасы: — Жок балам, кепсін, —деді. Апасы киізді таза жерге жайып тастады.

Шәутен апасына:
— Апа, шәркейім еңді болды ма? —деді.

Апасы:
— Жоқ, балам, еңді пісіреміз, —деді. Қайтадан қайта-қайта білектеді.

Шәутен апасына:
— Апа, шәркейім енді болды ма? —деді,

Апасы:
— Жоқ, балам, ташда кепсін, —деді Апасы киізді таш далаға жайып койды.

Шәутен апасына:
— Aпa, шәркейім еңді болды ма? —деді.

Апасы:
— Жок, балам, пішемін, —деді, Апасы қайшымен екі шәркей пішіп алды. Шәркейдің желкесі қыжырап, басы ақмарқаның кішкене куніндегі сықылдана қалды. Шәутен жымың етті.

Шәутен апасына:
— Шәркейім енді бітті ме? —деді

Апасы:
— Жоқ, балам, жүн шүйкелеймін, —деді Апасы шуда шүйкеледі.

Шәутен апасына:
— Aпa, шәркейім енді бітті ме? -деді.

Апасы:
— Жоқ, балам, жіп иіремен, -деді . Апасы жіп иіреді.

Шәутен апасына:
— Апа, шәркейім енді болды ма? -деді.

Апасы:
— Жоқ, балам, сыримын, —деді Апасы жіпті инеге сабақтап алып, көп-көп тігіп, сырыды.

Шәутен апасына:
— Aпa, шәркейім енді болды ма? —деді

Апасы:
— Жоқ , балам, ұлтарамын, —деді Апасы ұлтан салып ұлтарды.

Шәутен апасына:
— Апа, шәркейім енді болды ма? —деді.

Апасы:
— Иә, балам, … болды. Кел, аяғыңа ки, —деді. Шәутен киіп алды. Аяғына шап-шақ кана, әдемі, ақ шұбар шәркей болыпты. Шәутен куанды. Апасын құшақтап, бетінен сүйді ІІІәутен маркасына келіп:
— Міне, бәлем! Менің шәркейім, —деді.

Марқасы:
— Ім-ім-ім-ім…, —деді.

(1929 жыл. Латын әрпінен түсірілген)


МАЛТА
Құлыншақтай қу шұнақ,
Қүйрық-жалсыз, сұр шұнақ.
Балаға берді апасы
Сұрша малта, жұмыршақ.

Алды бала қуанып,
Кетті аузынан су ағып.
Бала:
— Жымын-жымын күлдірген,
Жып-жылмағай малта ғой.

Малта-малта малтақай,
Қайдан шықтың, айта ғой.
Жоғарғы ерні қыбырлап,
Төменгі ерні жыбырлап.

Малта сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

-Жайылып желін толтырған,
Қоңырша қойдын сүті едім,
Қатын қақтап сауған соң,
Шелекте қалып бүркендім.

Қазанға қойды пісірді,
Пісірді де түсірді.
Тостағанын томпайып,
Ауыздарын қомпайтып,

Көбігімді ұлы алды.
Қаймағымды қызы алды.
Жуындымды -күшігі.
Үйытқы қойып ұйытқанын,

Ұғындым да үйықтадым.
Айран беріп балаға,
Құя салды сабаға.

Тентек піспек түскені-ай,
Күлдір-күлдір піскені-ай.
Пісіп-пісіп толқыды,
Бетімде май көлкіді.

Қылшықтады, шайқады,
Түзын татып байқады.
Бағанағы балалар:

— Апа, маған да! —деп айтады.
Апасының қарағы

Алақанға салады.
Жылпылдатып жалады,
Жалап-жалап алады.
Тұрды қатын азаннан,

Қүрт қайнаған қазаннан,
Қүрт ішкенде тойынды,
Шүрқ-шүрқ қайнап қойылды.
Түсірді де, суытты,
Қапқа сүзіп қойыпты.

Серең сирак, сүреге,
Жайып қойды үреге.
Үреде күннің өткені-ай,
Шақылдап шекем кепкені-ай.

Қыстың күні болғанда,
Қыстауға ауыл қонғанда,
Тары көже пісіріп,
Қотарып қазан түсіріп,

Қатын қабын сөккені,
Салдыратып төккені.
Шым-шым суға шомылып,
Қүрттың жібіп бөккені.

Қос білегін сыбанып,
Қос уыстап бір алып,
Салдыр-салдыр езді ғой.
Саған апаң берді ғой,

Жей бер батыр, сөзді кой.
Бала айтқанды тындады,
Тыңдап қана түрмады.
Малта аузына жылп етіп,
Екі ерні сылп етті.

(1929 жыл. Араб әрпінен кириллицага түсірген — Ғазиза Исахан)



\\Жансүгіров I. Өтірік өлеңдер (Қосымша құрал).
Алматы "Ғылым" ғылыми баспа орталығы, 2001. 44 б.
Кітаптағы Ілияс Жансугіровтің балаларға арнап ел аузынан жинаған өтірік өлеңдері, өтірік әңгімелері 1928 жылғы жарық көрген нұсқасы бойынша қайта жарияланып отыр. Бұл туындылардың балалар үшін танымдық мәні үлкен, көркемдік тілі мен ұшқыр қиялы үлгі.
Кітапша жас оқырмандарға арналады.
Басылымды дайындаған С. Р. Дүйсебаев
Пікір жазгандар:
Педагогика ғылымдарының докторы Т. Жұмажанова,
педагогика ғылымдарының кандидаты Г. Қүрманбаева