«ІЛИЯС ӘЛЕМІ» атты қалалық жастар фестивалінің

Pyatigorskte

ЕРЕЖЕСІ

 

Жалпы ережелер

І.Жансүгіровтің 120 жылдық мерейтойына  арналған қалалық жастар фестивалі І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде өткізіледі.     

Фестиваль мақсаты:І.Жансүгіровтің шығармашылығы негізінде жастарды адамгершілік, патриоттық, эстетикалық рухта тәрбиелеу, ұлттың мәдени құндылықтарын дәріптеп, әдеби мұраларын насихаттау, ізденіс жұмыстарына баулу.

Фестиваль міндеттері:

Жастар арасында І.Жансүгіров шығармашылығын насихаттау.
І.Жансүгіров шығармашылығы бойынша білгір, өнерлі, ізденімпаз жастарды анықтау және қолдау.

Ресми қолдаушылар:

Талдықорған қаласының әкімдігі
Ақсу ауданының әкімдігі
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты
Қазақстан kz
«Жетісу» телеарнасы

Ұйымдастырушы:

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Фестивальді ұйымдастыру және өткізу:

Фестивальді өткізу І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры бекіткен ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау, қазылар алқасының шешімімен тағайындалады.
Қазылар алқасы құрамына ҚР ЖОО оқытушы професорлары,

облыстық тіл және мәдениет басқармаларының қызметкерлері, БАҚ өкілдері кіреді. Оның құрамын ұйымдастыру комитеті бекітеді. Қазылар шешіміне шағым беру  қарастырылмайды.

Фестивальге қатысу шарттары

Фестивальге ЖОО мен колледж студенттері, орта мектептің 11 сынып оқушылары   қатысуға құқылы. Әр қатысушы бір ғана номинацияны таңдауы тиіс.
Фестивальге қатысу үшін алдын ала өтініш бергендер қатыса алады.

Фестиваль номинациялары және оның талаптары:

«Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай»  атты жыр мүшәйрасында өз

Қалауы бойынша қазақ және өзге тілдерде 2 өлең дайындау қажет:

1) Ілиясқа арнап шығарған өз өлеңі;

2) Ілияс Жансүгіровтің  поэзиялық немесе прозалық туындыларын (қазақ немесе  өзге тілде) мәнерлеп оқу.

«Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» атты  интеллектуалдық

сайыс  екі кезеңнен тұрады:

1) Жорға сұрақтар. Ілияс шығармашылығына қатысты сұрақтарға жылдам жауап беру;

2) Ілияс шығармашылығы бойынша  тест тапсырмаларын орындау.

 

Фестивальдің өтілу кезеңдері

Алғашқы кезең:

«Ілияс әлемі» атты жастар фестивалін өткізу және қатысу шарттары туралы ақпарат жариялау.

Негізгі кезең:

Фестиваль номинациялары бойынша өтіледі. Өтілу уақытын регламетті ұйымдастыру комитеті белгілейді.

Қорытынды кезең:

Қазылар алқасы өз жұмысының нәтижесі бойынша фестиваль жеңімпаздарын анықтап, жариялайды.

 

Бағалау және іріктеу шарттары

«Соғайын сөзімнен бір сұлу сарай»  байқауында қатысушының төл

туындысының мазмұны, құрылым-құрылысы, көркемдік ерекшеліктері, оқу мәнері ескеріледі.

«Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» номинациясында

белгіленген уақыт ішінде сұрақтарға берілген жауабы (жылдам әрі дұрыс)  және тест тапсырмаларын орындау нәтижесі бағаланады.

 

Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

Ұйымдастыру комитетінің құқықтары:

Ұйымдастыру комитеті фестиваль туралы осы Ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді номинация байқауына қабылдамауға;
Қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
байқаудың нәтижелері туралы қорытындының уақытынан бұрын жария

етілуіне жол бермеу.

Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың білімін, өнерін сараптауға;
Фестиваль ережелерінің қатаң сақталуын қадағалауға;
Жеңімпаздарға сыйлықтарды тағайындап, байқауды қорытындылауға құқылы.

 

Қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

Фестивальдің өту шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
Ұйымдастыру комитетінен осы ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрауға;
Фестивальға қатысу үшін қажетті материалдарды жолдауға құқылы.

Міндеттері:

Фестивальдің мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауға;
Осы Ереженің  талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
Осы Ережеде қарастырылған талаптар мен процедураларды сақтауға міндетті.

Жүлде қоры

Фестивальдің әр номинациясы бойынша 1,2,3 орындар анықталып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады және         қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Байланыс ақпараты

Фестивальға қатысу өтініштері электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2014 жылдың 10 мамырына дейін қабылданады: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187а. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Бас ғимараты, «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы, 122 кабинет.

 

Барлық сұрақтар бойынша фестивальді ұйымдастыру алқасына хабарласуға болады

. Құлынтаева Тоғжан Бауыржанқызы – 8 701 851 31 32, 8707 0 36 74 90

Байланыс телефоны: +7 (7282) 22-16-67 ішкі 1148, 1125

E-mail:  zhgu.iliyastanu@mail.ru,togzhan_kulintaeva@mail.ru