«Ілияс Жансүгіровтің» Қоғамдық Қорының ЖАРҒЫСЫ

1.    Жалпы ережелер

1.1. «Ілияс Жансүгіровтің» Қоғамдық Қоры (одан әрі - Қор) осы Жарғыда қарастырылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін құрылған ерікті коммерциялық емес, қайырымдылық ұйым болып табылады және оның қызметінен пайда келтіру мүмкін емес. Қор заңды тұлға болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына және басқа да заңды және нормативті актілерге, сонымен қатар осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады. 

1.2. Қордың заңды тіркелген мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, ------
1.3.Толық атауы:
- Қазақ тілінде: Ілияс Жансүгіровтің Қоғамдық Қоры. 
- Орыс тілінде: Общественный Фонд Ильяса Джансугурова; 
1.4. Қор өз қызметінің Қор Құрылтайшылары мен қызметкерлері арасында түскен пайданы солардың табыстары ретінде бөлу үшін мақсатты ұстанбайтын заңды тұлға болып табылады. Қор қызметінің нәтижесінде алынған табыс жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін жұмсалуы тиіс. Қор мүлкі Жарғыда көрсетілген мақсаттарда  пайдаланылады. Қор мақсатына негізделген және жалпы қоғамдық пайда үшін жүргізілетін кәсіптік қызметтермен айналысуға Қор құқылы. Қор жыл сайын мүлікті пайдалану бойынша есеп беріп отыруға міндетті. 


1.5. Қор Жарғыны мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап заңды тұлға құқығына ие. 
1.6. Қор меншігіндегі мүлікке заң бойынша салынған тәркілеу шараларына Қор жауап беруге міндетті. 
1.7. Қор Мемлекет пен Қор Құрылтайшыларының міндеттемелеріне жауап бермейді. Мемлекет және оның органдары Қор міндеттемелері бойынша  жауап бермейді. 
2. Қызметінің мәні мен мақсаты 
2.1. Қор қызметінің мәні мыналар болып табылады:
- мәдени-ағарту қызметі, 
- мақсаттық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру; 
- ағарту және мәдениет саласындағы бағдарламалар мен жобаларды бағалау; 
- шығармашылық топтар мен ұжымдарды құру, ғылыми, ағарту және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру; 

- шығармашыл интеллегенция мен азаматтарды қолдау, соның ішінде демеушілерді тарту арқылы; 
- театралдық-концерттік және мәдени-ағарту қызметінің басқа да түрлерімен айналысу; кітаптар, журналдар, газеттер, брошюралар, кинофильмдер, бейнефильмдер және басқа да мәдени және ағарту сипаттағы өнімді шығару; 
- егер олардың қызметтері Қордың жарғылық мақсатын шешуге ықпал етсе, арнайы сыйлықтар мен сыйақылар тағайындау, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің азаматтарына атаулы стипендиялар тағайындау, 
- Қордың жарғылық қызметін қамтамасыз ету үшін діни қоғамдастықтардың жұмысына қатысу;
- Қордың жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыру үшін демеушілер іздеу, қаражат жинау;
- Қордың мақсаты мен міндетін насихаттау, өзінің қызметі туралы қоғамға жариялау;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.


2.2. Қор қызметінің мақсаты болып мыналар табылады:
- Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасын сақтау және дамыту, атап айтқанда: 
- Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын жинау, зерделеу және жариялау, оның шығармашылық мұрасы мен биографиясын белгіленген тәртіппен бұрмалаушылықтардан қорғау;
- Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын, оның өмірі мен соған байланысты адамдардың шығармашылығы, Ілияс Жансүгіров өмір сүрген уақыты және замандастары туралы шығармаларды қазақ және басқа тілдерде шығарылуына жәрдемдесу;
- Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы мәселелері бойынша және соған байланысты қазақ әдебиетін, тарихы мен мәдениетін дамыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық, шығармашылық, оқу теориялық конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
- қызметтері Ілияс Жансүгіровтің атымен байланысты мекемелер қызметіне көмек көрсету, оның ішінде Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіровтің мұражайына, мұрағаттар пен экспозицияларға көмек көрсету;
- Ілияс Жансүгіровтің мәдени мұрасын зерттеуде және насихаттауда шығармашылық ұйымдарға, оқу орындарына, және жеке тұлғаларға жәрдемдесу, шығармашыл және ғылыми ізденуші жастарға моральдық көмек көрсету және материалдық қолдау, олардың қазақ халқының мәдениетін дамыту мәселелерін шешу бойынша бастамаларын ынталандыру; 
- баспалық, театр, кинематография, теле- және радиотарату қызметтері, оның ішінде жеке студиялық мекемелер, баспалық және шығармашылық зертханалар арқылы Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын насихаттау және танымал ету; 
- Ілияс Жансүгіров ескерткішін орнату бойынша шараларға қатысу, мерейтойлық және еске алу жиналыстарын ұйымдастыру.
3. Қорды басқару 
3.1. Қорды басқару органдарына төмендегілер жатады: 
- жоғары басқару органы – жылына 1 рет өткізілетін Қоғамдық Қор Құрылтайшыларының Жиналысы; 
- атқарушы орган – Президент; 
- бақылаушы орган – ревизиялық комиссия. 
3.1.1. Егер жиналысқа құрылтайшылардың 2/3 бөлігі қатысса (оның ішінде Интернет немесе қатты дауысты телефон байланысы бойынша) Жиналыс құқылыққа ие, ал егер жай көпшілікпен дауыс берілсе, шешім қабылданған болып есептеледі.
3.1.2. Жиналыс жұмысына шақырылған азаматтар жиналыстың қалған қатысушыларымен келісе отырып, қатыса алады.   
3.2. Құрылтайшылар Жиналысының айрықша құзыретіне келесі сұрақтар жатады: 
- Қор Жарғысын бекіту;
- Қор Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; 
- Қордың мекемелері, филиалдары және өкілдіктерін құру немесе жұмысын тоқтату туралы шешім шығару және олар туралы Ережелерді бекіту; 
- Қорды басқару органдарының өкілеттілігін қалыптастыру және тоқтату тәртібін, құзыреттілікті, ұйымдастырушылық құрылымды анықтау, атқарушы органды сайлау; 
- Президент қабылдаған кез-келген шешімдеріне тыйым салу, қажет болған жағдайда өзіндік шешімдерді қабылдау; 
- Қор қызметінің негізгі бағыттарын анықтау; 
- Білім беруге және өзге де заңды тұлға қызметіне Қордың қатысуы бойынша шешім қабылдау;  
- Қор Президенті мен Ревизиялық комиссияның есебін қарастыру; 
- Қордың қайырымдылық бағдарламасын бекіту; 
- Қордың жарғылық қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар сметасын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық жалақыларын бекіту;  
- Қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылау;
- Қор Құрылтайшылары Жиналысы  шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету; 
- Президент және ревизиялық комиссияның өздерінің қызметтік міндеттерін орындауын бақылау;
- Құрылтайшылар жиналысы сырттай түрде электронды байланыс құралдарын пайдалана отырып, өткізілуі мүмкін; дауыс беру тікелей жиналысқа қатысу кезінде, сондай-ақ электронды аудио-визуалды байланыс құралдарының көмегімен немесе жазбаша сұрау, соның ішінде электронды пошта бойынша өткізілуі мүмкін;   
3.4. Президенттің өкілеттігі.
3.4.1. Президентті құрылтайшылар Жиналысы 2 жыл мерзімге тағайындайды.
3.4.2. Президент құзыретіне мыналар жатады:  
- Қор қызметіне ағымдық басшылық жасауды жүзеге асыру және Қордың Құрылтайшылары Жиналысының шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;
-Қордың Құрылтайшылары Жиналысының шешімдеріне сәйкес бұйрықтар мен өкімдер шығару;
-Қызметкерлердің жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығу барысында еңбек шарттарын құру және бұзу;
-Бекітілген сметаға сәйкес Қор мүлігі мен қаржысын басқару;
- Қордың Құрылтайшылары Жиналысына жылдық есеп беру;
- сенімхатсыз жеке және заңды тұлғалармен қатынастарда Қор мүддесін қорғау;
-Қор қызметкерлерінің міндеттерін бөлу, олардың құзырлық шеңберін айқындау, Қор аппаратының басқармасына қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару;
-Қордың Құрылтайшылары Жиналысы жүктеген өзге де міндеттерді атқару, Қор құрылтайшысы мен Құрытайшылары Жиналысының құзырынан тыс Қордың қызметіне қатысты мәселелерді шешу. 

3.5. Ревизиялық комиссия
3.5.1. Құрылтайшылар Жиналысымен екі жылдық мерзімге тағайындалады;
3.5.2. жарғы ережелерінің орындалуын және құралдарды пайдалану тиімділігін бақылайды. 
3.5.3. кезектен тыс құрылтайшылар Жиналысын шақыруға құқылы. 
3.5.4. Жылына бір рет Құрылтайшылар Жиналысында өзінің қызметі туралы есептер береді.
3.5.5. Жылына кем дегенде бір рет  қаржылық есептерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қордың қаржылық операцияларын тексеруді жүргізеді. 

4. Қордың мүлкі және құралдары 

4.1. Қордың мүлкін негізгі және айналымдағы қаражат құрайды.

4.2. Қор өз қызметін жүзеге асыру мақсатында жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, материалдық және материалдық емес қаражатқа ие болу құқығына ие.
4.3. Қор ҚР заңнамалары мен Қордың мақсатына қарсы келмейтін қаражат пен мүлікке қатысты операцияларды жүзеге асыра алады;

4.4. Қордың мүлкі мен қаражаты төмендегі жағдайларға сәйкес құрылады:
- Қор құрылтайшыларының мүліктік салымдарына сәйкес;
- азаматтар мен өзге де тұлғалардың ерікті қайырымдылық жасау қаражаты мен мүлкінен;
- жеке және заңды тұлғалардың қолма-қол ақша және натуралды түрдегі қайырымдылық жарналары мен арнайы нысанадағы қайырымдылық жәрдемдерінен (қайырымдылық гранттары);
- мемлекеттік субсидиялардан; 
- қайырымдылық жарналарын жинау бойынша қайырымдылық компаниялардан түскен кез келген  қаражат есебінен;
- ҚР заңнамаларына және Қордың мақсатына қарсы келмейтін өзге де шаралар есебінен.

4.5. Қордың мүлкі мен қаражаты Қормен қабылданған қайырымдылық бағдарламаларына сәйкес және басқарушы органдардың шешімдеріне сәйкес түрде жұмсалуы қажет.

4.6. Қор қаражаты мен мүлкі Қордың бекітілген мақсаты мен мүдделері үшін жұмсалуы тиіс.
4.7. Қор заңды тұлға ретінде өзге де заңды тұлғалармен құрылтай құруға құқығы бар. Таза пайда табу мақсатында заңды тұлғалармен бірге жұмыс істеу барысында Қор түскен барлық қаражатты жарғылық қызмет үшін жұмсайды. Жарғымен қарастырылған жағдайда Қор өз меншігінде ғимарат, құрылыс, қондырғы, мүлік немесе өзге де қажетті нысан мен мүлік түрлерін иеленуге құқылы.


4.8. Қор құрылтайшылары Қор мүлігі бойынша мүліктік құқыққа ие емес. Қор табысы Құрылтайшылардың жеке табысы емес, жарғымен бекітілген мақсаттарды орындау үшін жұмсалатын қажетті табыс болып табылады. 

5. Есеп, есеп беру және бақылау
5.1. Қор өз қызметінің барысы туралы бухгалтерлік, статистикалық есеп жүргізеді және сол бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес тиісті мемлекеттік орындарға құжаттарды ұсынып, есеп береді.
5.2. Қордың қаржылық жылы әр күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталады. 
5.3. Қордың Қамқорлық кеңесі бухгалтерлік есеп жүргізудің қағидалары мен нұсқауларының тұрақты түрде сақталуына кепілдік етуі қажет. 
5.4. 2 жылда бір рет Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысымен бекітілген тәуелсіз аудитор ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес аудиторлық тексеріс өткізеді. 


6. Іскерлік қызмет
6.1. Қор өз банктік есебіне ие. Оған Қазақстан Республикасы мен өзге де елдерден түскен жергілікті және шетел табыстары мен салымдары аударылады және олар Қордың бюджет есебінен қажетті құрылымдар, бөлімдер мен жобаларына аударылады.

7. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату  
7.1.Қордың қызметі Құрылтайшылар Жиналысының шешіміне сәйкес және ҚР заңнамасымен қарастырылған сот шешімі жағдайында қайта құрылады немесе таратылады. Олар:


- егер Қордың мүлкі оның мақсаттарын жүзеге асыруға жеткіліксіз немесе мүмкін емес деп танылған жағдайда; 

- егер Қор мақсаттары жүзеге асырылмайтын және ол мақсаттарды қайта қарастыруға болмайды деп танылған жағдайда;
- Жарғымен қарасытырылған мақсаттарды орындаудан бас тартқан жағдайда. 
7.2. Қорды таратуды Құрылтайшылар Жиналысы тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы тарату тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ кредиторлар қоятын талаптар үшін мерзімді белгілейді. 

7.3. Тарату комиссиясы қажет жұмысты орындап, тарату балансын құрып, оны Құрылтайшылар Жиналысына тапсыруы тиіс. 
7.4. Қорды тарату барысында Қор басшылығымен құрылған өзге де ұйымдар өз қызметін тоқтатады және тарату комиссиясымен қайта құру шешімі қабылданса, ұйымдардың қызметі қайта жүзеге асырылады.
7.5. Қор заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік тізіліміне тіркелген сәттен бастап «таратылды» деп танылады. 

7.6. Қор қызметі бойынша жүргізілген құжаттар Қордың таратылуы барысында ҚР заңнамаларына сәйкес сақталады.


7.7. Қордың таратылу жағдайында  Қордың барлық мүлік Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына немесе тараталытан Қордың мақсаттарына сәйкес жұмыс істейтін ұйымға немесе жеке тұлғаларға берілуі тиіс.   

8. Қосымша жағдайлар
8.1 Қарастырылмаған өзге сұрақтар ҚР заңнамасына сәйкес шешіледі.
8.2. Осы Жарғыға енгізілген барлық өзгертулер мен толықтырулар Құрылтайшылардың жалпы жиналысымен бекітіліп, жазбаша түрде ұсынылуы қажет.